Б.Есенбаев Копенгагендегі форумда денсаулық сақтаудың цифрлық экожүйесінің дамуы туралы айтты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы мен Дания Денсаулық сақтау деректері басқармасы ұйымдастырған Копенгаген қаласындағы (Дания) Денсаулық сақтау деректерін қайталама пайдалану және деректер сапасы мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Кеңестің шеңберінде қатысушы елдердің өкілдері денсаулық сақтау деректерін қайталама пайдалануға және әлеуметтік желілер сияқты нақты мәліметтер көздерін пайдалануға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады, денсаулық сақтау деректерін қайталама пайдалануға кедергі болуы мүмкін этика және нормативтік құқықтық актілер мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында Еуропалық комиссия әзірлеген ДДҰ-ның цифрлық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау деректері кеңістігі саласындағы өңірлік іс-қимыл жоспары таныстырылды.

«Біздің негізгі қағидатымыз денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігі мен көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені дамыту арқылы пациент пен азаматтың медициналық деректерін ұстану болып табылады. Біз цифрлық құралдарды қолдаушы элементтер ретінде емес, денсаулық сақтауды қаржыландыру, көмектің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, медициналық қызметтерге қолжетімділікті және онымен қамту саласындағы реформалардың драйверлері ретінде пайдаланамыз», — деп атап өтті Б.Есенбаев дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-мен бірлесіп қазіргі уақытта медициналық және әкімшілік жазбалар түріндегі бастапқы деректерді жинауға арналған шаблондар жиынтығымен және медициналық статистика мақсаттары үшін жиынтық қайталама деректерді жинауға арналған кесте шаблондарымен ұсынылған денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттық моделін қайта қарау процесін бастады.

«Біздің міндетіміз  өзара байланысты объектілердің көпөлшемді жүйесі ретінде деректерді сипаттауға қарай жазық екі өлшемді өкілдіктен алыстау мақсатында аталған шаблондарды кешенді қайта қарау болып табылады. Бұл бізге денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде енгізілген компьютерлік жүйелердің семантикалық және құрылымдық интероперабелділігі үшін берік негіз құруға мүмкіндік береді. Деректер базасын моделдеу деңгейінде саясаттың, қаржыландырудың, қоғамдық денсаулық сақтаудың, ғылымның және басқа да салалардың мақсаттары үшін деректерді кейіннен қайталама пайдаланудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,— деп атап өтті Б.Есенбаев.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру және халықтың денсаулығын жақсарту үшін негіз ретінде өңірлік ауқымда ынтымақтастықтың, білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР ДСМ