«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Жолдаудың бір көңіл қуантар¬лық тұсы, ол – Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимы¬лының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруы болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы аясында билік өкілдерінің халықпен кездесулері артып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үрдісі жетілдірілуде.
Қазіргі таңда облыс бойынша көптеген мемлекеттік органдарда «Ашық әкімдік» форматында фронт-офистер құрылуда. Аталған жерде әр түрлі мемлекеттік органдардың халыққа жедел қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырып, кері байланыс тетіктері жетілдіруде.
Сондай-ақ, елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жанындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халықтың қызмет алу мүмкіндігін оңтайландыру жұмыстары уақыт өткен сайын жетілдіріліп келеді.
Үй, балабақша кезегіне тұру, автокөліктерді рәсімдеу сияқты қызметтер барынша жеңілдетілген түрде халыққа ұсынылуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы да халыққа көрсетілетін қызмет түрлері цифрлық форматқа көшірілді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы орталық және жергілікті деңгейдегі мекеме басшыларының блогына ресми хат жолдап, үш күн мерзімде жауап алуға мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар, мекеменің бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары ашылып, кейбір мекеме басшылары өздерінің жеке байланыс телефондарын жариялау арқылы халықпен жедел кері байланыс орнатуға көңіл бөлуде. Бұл аккаунттардың бәрінен жедел жауап, нақты шешім қабылданбаса да, халықпен қарым-қатынас саласында айтарлықтай жүйелі түрде алға жылжудың бар екенін айту керек.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің алға қойған мақсаты бағдарламаға сәйкес электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны мен сапасын арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілу механизмі бойынша айтатын болсақ, электрондық үкімет порталы арқылы, электронды сандық қолтаңбаны (әрі қарай — ЭСҚ) жасату тиіс. Одан кейін интернет желісіне қосылған кез келген компьютер арқылы «электронды үкімет» порталында тіркеліп, жеке кабинетінде мемлекеттік органдарға өтініштер толтырып жібере алады. Одан кейін бұл өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Қызмет берушілер келіп түскен өтініштерді қарап, көрсетілетін қызметтің қорытындысын электронды түрде жібереді. Қызметті алушымен қызметтер көсетушінің арасында тікілей қарым қатынас болмайды.
Мемлекеттік қызметтердің электрондық форматқа ауысу бойынша әлі де халық арасында кеңінен насихаттау қажет. Осы жұмысты мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері тиісті деңгейде насихаттап, әрбір азаматтың сана-сезіміне бұл заманауи қажеттілік екенін, оны пайдаланып, әрі қарай дамыту тиіс екенімізді сіңдіруіміз керекпіз. Өзгерістерге бейім болсаң ғана ұтасың дегендей, портал арқылы жұмыс жасай алмаймын, бұл мен үшін қиын деген сылтауларды тыйып, бүгіннен бастап санамызды өзгертіп, жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелерді меңгере отырып, электронды үкіметпен жұмыс жасап үйренейік.
Қ. Тышқанбаев,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы