Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Қадыр Мырза Әлі
Қараша айының 22-23 аралығында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудің заманауи әдіс-тәсілдері» атты аймақтық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшылары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан арнайы қонақтар келді. Семинар барысында мемлекеттік тілді үйретудің әдіс-тәсілдері, мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы жайлы баяндамалар оқылып, әр орталықтың өнімдері, әдістемелік құралдары көрмеге қойылды. Мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдеріне байланысты әр түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізілді.
Екі күнге созылған семинар осы уақытқа дейін мемлкеттік тілді оқыту барысында жасалған іс-шаралардың қорытындысы, алда жасалуы тиіс әрекеттер тізбегінің көрсеткіші болды. «Мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әр азаматының парызы» деп президентіміз Қ.Тоқаев айтқандай, тілді білу, оның дамуына үлес қосу – әрбір Қазақстандықтың міндеті.
А. Нұрбек,
Жетісу облысының
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының
Ескелді аудандық филиалының
меңгерушісі