Өтініштерді сапалы және уақытылы қарау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды шарттардың бірі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында заңнаманың бұзылуына жол бермеу тақырыбында кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Әлібек Балғабаев, министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары және Көлік комитетінің аумақтық инспекциялары қатысты.

Жиын ҚР ИИДМ аппарат басшысы Ерболат Мұқаевтың төрағалығымен өтті. Ол өз сөзінде азаматтардан түскен өтініштерді сапалы және уақытылы қарау маңызды екенін айта келе, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды шарттардың бірі екендігін айтып жеткізді.

ҚР ИИДМ