Терроризмнің алдын алу шаралары

«Терроризм» ұғымының басты белгілері -«зорлық зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты көрсеткіштерді айқындайды. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан лоққы мен зорлық зомбылық» дегенге саяды.

Терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталып өтсем, Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек. Террорға бейім адамдар мұсылман отбасыларында, яғни біздің көз алдымызда өсіп-жетілді. Біз оларды мұсылман деп санадық. Террорист болу жолында олар қандай күйді бастан кешірді?

Біз бұған кінәлі емеспіз бе? Деген көптеген сұрақтар алдымызда тұрғаны ақиқат. Исламның негізін меңгерген адамның террорист болуын елестету мүмкін емес. Террорлық жолға түскен адамның мұсылман болып қалуы неғайбыл. Дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қол жеткізу деген ұғым мүлдем жоқ. Ал енді сондай жолға түскендерге дұрыс тәрбие беру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсадық?

Рухани дүниелерін қажетті құндылықтармен сусындату арқылы оларды радикалданудан сақтай алдық па? Оларды террордан аулақ қылатындай жауапкершілік сезімімен тәрбиелей алдық па? Кез келген жан өз дінін жетік білсе, ақырет күні есеп беру сезімімен әрекет етер болса, террорлық әрекетке беттеуі мүмкін емес.  Иә, жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдайды жасадық деп айта алмаймыз. Бүгінде мәселе әбден ушыққанда барып бірқатар жедел шараларға барып отырғанымыз белгілі. Алайда, кейбіреулер осының өзін көп көруде.

Мектеп бағдарламаларында ахлақ (дін) сабағын қоюды артық көруде. Ал бірақ адамның рухани дүниесіне қажетті құндылықтардың барлығы бала бойына мектептен бастап сіңірілуі керек еді. Ол адамдардың барлығы сіз бен біздің арамызда өсіп-жетілді.

Діни ахуал, діни экстремизмге қарсы күрес, жастар арасында зерделеу шараларын үнемі жүргізіп отырылуы керектігі нұсқалады. Әлемдегі лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизмнің бой көтеруі қауіпті жағдай екендігін тұрғындар арасында жан — жақты түсіндіріп, әсіресе, жастар арасында тәртіп бұзуға, өзінің қатарына өзгелерді тартуға ықпалы барларды алдын — ала ескертіп, бақылауды осалсытпау керектігі қаперге берілуде. Қорытынды Қорыта келгенде, жастары және жергілікті мектеп оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу бағытында жұмыстар жасақталған жоспарға сай атқарылып отырғаны біз үшін өте кемелді жұмыс болып есептелінеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сынып жетекшілері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар бірлесіп, жастарымыздың жағдайымен танысу, жас ұрпаққа теріс ағымдардан, дәстүрлі емес діннен аулақ жүруді ұғындыру керек. Мектепте діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнама толықтай сақталуы керек.. Біз қаншалықты жұмыс жасағанымызбен теріс діни ағымдарға бой алдырушы жасөспірімдер, маскүнемдік, шылым шегушілік, ұрлық, т. б. келеңсіздікке барушы мектеп жасындағылар қатары сиремей отырғанын жасыруға болмайды. Сондықтан, бірлесіп атқарып келген алдын алу шараларын, әсіресе, діни экстремизмге қарсы бітіспес күресті одан әрі пәрменді жалғастыруымыз қажет.

Серік Байгазинов,

Жалғызағаш орта мектебі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі