Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі десек те болады. Сыбайлас жемқорлық-қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда .
Осы бағытта «Айкүн» балалар бақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жыл басында бекітілді. Алдымен қызметкерлер арасында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сәйкес балабақшада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысушыларға өзекті мәселелер ұсынылды, мысалы: «Білім» саласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі, педагогтар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру т.с.с. Бұдан бөлек «Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері» тақырыбында педагогтарға презентация көрсетілді. Сонымен бірге, жоспарға сәйкес ата-аналарға «Жемқорлық-індетін,жою біздің міндетіміз» тақырыбында брашуркалар таратылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тез нәтижеге жету қиын, сондықтан оны мектеп жасына дейінгі кезден бастау керек деген ойдамын. Біз балаларға заңсыз әрекеттердің не екенін, оларды неліктен жасауға болмайтынын түсіндіруіміз керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру үшін олардың әлеуметтік, адамгершілік қасиеттерін, дербестігі мен жауапкершілігін дамытуымыз қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, сюжеттік-рөлдік ойындар барысында балақша тәрбиешілері балаларды заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге арналған мамандықтармен таныстырады. Сюжеттік-рөлдік ойындар мен театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру тәрбиеленушілерде «адалдық», «парасаттылық», «шыншылдық» ұғымдары және әртүрлі адамдармен қарым-қатынас, қазіргі этикет, мінез-құлық мәдениеті ұғымдары бойынша түсініктер қалыптастырылады. Балалар әдебиетінде тиімді мінез-құлық қалыптастыру үшін балаларға бай материалдар берілген. Балалардың бойында этикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін педагогтар қазақстандық жазушылар мен ақындардың көркем туындыларын: Ы.Алтынсариннің «Мақтақыз бен мысық», «Әке мен ұл», «Қырғауыл пен торғай», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» әңгімелері мен ертегілерін пайдалана алады. Қазақтың мақал-мәтелдері: «Ырыс алды – ынтымак», «Әділ айтқан жеңер», «Біреуге ор қазба, өзің түсесің», «Әділ істің арты игі», «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ», «Бірлік болмай – тірлік болмас» мұның бәрі жанашырлықты, жауаптылықты, мейірімділікті, сондай-ақ адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Қорыта келгенде, бұл өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің негізі болып табылады.Балалардың өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі құрметтеуін және басқаларды құрметтей білуге тәрбиелеуіміз керек. Әрбір бала өз құқықтарын, міндеттерін білуі керек, сонда олар өздеріне қажетті жағдайда оңай жұмыс істей алатын болып өседі.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру балабақшада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
Қорыта келе айтарым, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.
Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу-әрбір азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы екенін біле жүрсек…
А.Т.Мәткерімова,
«Айкүн» балалар бақшасының
педагог психологы және
комплеанс-офицер міндетін атқарушы