Спорт туралы мағлұмат

Дене шынықтыру және спорт қоғам мен әр адамның мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан біздің елімізде бұқаралық дене шынықтыру қозғалысының дамуына үнемі көңіл бөлініп келеді және оған үлкен мән беріледі. Қазіргі қоғамдағы дене шынықтырудың маңыздылығын ескере отырып, бірнеше жетістіктерді  бөліп көрсету керек.

Ескелді ауданың көрсеткіші бойынша  дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы 18894 адам,  ол 36,1 %  қамтиды.

Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жақсы көрсеткіш көрсетуде.

Көксу ауданында спорт мекемелері арасында өткен шағын футбол ашық біріншілігінде жүлделі 2 орын, Алматы облысының ұлттық ат спорт түрлерінен командалық 2 орын, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиядасының шағын футбол жарысында командалық 1 орынды иеленді, Жетісу облысының ауыл жасөспірімдері арасындағы спартакиядасында, командалық 1 орынға ие болды.

Спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, аудан аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады.

Жыл басынан осы уақытқа дейін 12 шара аудандық деңгейде өткізілдсе, ал ауылдық деңгейде 55 шара өткізілді. Аудандық жарысқа 1275 спортшы, ауылдық округтерде 2968 спортшы қамтылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

«Ескелді аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі