2-4 қараша күндері аралығында Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының онлайн форматта аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының үздік жетістіктерін бағалау мен насихаттау.
Байқауға аудандық білім беру ұйымдарынан 89 оқушы қатысып, жобаларын қорғады. Жеңімпаздар әрбір секция және жас ерекшелігіне қарай бөлінген. Екі жас категориясымен аудан бойынша 22 білім алушы анықталды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі