9-11 қараша күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының аудандық бірінші кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуметін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Байқауға аудандық білім беру ұйымдарынан 9-11 сынып арасында 90 оқушы қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Байқау 16 секцияда 4 бағыт бойынша өткізілді. Зерттеу байқауының қорытындысы бойынша ең талантты, дарынды зерттеушілері анықталып, аудандық кезеңінің жеңімпаздары атанды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі