Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше турде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады.

Мемлекеттiк басқарушы оргаңдарының алдына қойған маңызды мiндеттерiнiң бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолайлылығы мен сапасын арттыру, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы халыққа бағдарлау болып табылады.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуi.Бірақ кебір жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы көңілге қонбайды.Мемлекеттік қызметтерді дөрекі түрде , халық атқаратын істерінің селқостығына куә боласын.Қазір парламентте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы дұрыс орындалмаса заң алдында жауапты болатынына көзіміз жетті.Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) Мемлекеттік корпорация арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Балабақшада мемлекеттік қызмет түріне құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарына арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің жалпы ережелері, балалардың құжаттарын қабылдау және қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының регламентін әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық бар.

Көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетінде» балаларды қабылдау  жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді. Балаларды қабылдау  жөніндегі мемлекеттік қызметінің нәтижесін алған күні және уақытыкөрсетілген хабарлама орналастырылады. Қазіргі уақытта балабақша балаларын е – zhetysu.kz арқылы қабылдап, кезекке қойып отырамыз.

Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті (бұдан әрі — регламент).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, білім және ғылым саласындағы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына сәйкес (бұдан әрі — стандарт) жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектіліктің нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі — мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

білім бөліміне өтініш жасағанда:

1) мемлекеттік қызметті алушымен тиісті құжаттар тапсырылған сәттен бастап – үш күнді құрайды;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең көп шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) өтініш иесінің өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең көп шектi уақыты — 30 минуттан аспайды.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Білім бөлімінің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе бас тартуға негіз бас тарту себебін көрсетумен жазбаша негіздемелі жауап стандарттың 16-тармағында көрсетілген талаптарды бұзу болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібі

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды ұсынады.

Құжаттар көшірмелерімен және түпнұсқаларымен салыстыру үшін беріледі, кейін түпнұсқалар мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға: балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің кезек нөмірін көрсету туралы хабарлама беріледі.

11. Білім бөліміне өтініш білдіргенде мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі- бірліктер):

1) білім бөлімінің маманы:

2) білім бөлімінің бастығы.

12. Құрылымдық-функционалдық бірліктің іс-әрекетінің реті осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.

13. Іс-әрекеттің және құрылымдық-функционалдық бірлігінің логикалық реті арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 2-қосымшасына келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

14. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

Эльмира Мустабекова,

МҚКҚ «Балдырған» балалар бақшасы.

тәрбиеші

Ескелді ауданы, Жетісу ауылы,