«Балалар жылы»: Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының  Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды,  ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.Балалар жылы деп жариялау барысында, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз».

Міне, содан бері осы салаға жауапты министрлік өкілдері елімізде балаларға арналған бірнеше жобалар әзірленді. Тіпті ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.  

 «Балаға инвестиция салу – аймақ пен елдің табысты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстандағы балалардың саны 6 миллионнан асады. Олардың әрқайсысының ерекше қорғауға және көмек алуға құқығы бар екенін баса айтқым келеді.

Балалардың сапалы білім алуына, денсаулығының нығаюына мән беріп, күн тәртібіндегі шешілуге тиіс маңызды мәселелердің бірі етіп қоюы да содан шығар. Шынымен де биыл балалар құқығының қорғалуына, денсаулық жайдайын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ахуалын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін бірқатар іс-шара тізбегін көре аламыз.  «Іс-шаралар жоспарының мақсаты – балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Олар 7 бөлім бойынша 50 тармақтан тұрады. Атап айтсам, «Білімді бала», «Отбасы — қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME.KZ».

Балалардың құқықтарын қорғау комитеттері балалар жылында жобалар балалардың құқықтарын іске асыруға бағытталатынын еске салды.  «Оның ішінде сапалы білім беру және тұлғаны дамыту, «Оқитын мектеп», «Мектеп парламенті», «Дебаттар» секілді республикалық жобаларды жасау, сонымен қоса волонтерлік қозғалыстардың жұмысын жандандыру арқылы тәрбие компонентін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек берекелі отбасында тәрбиеленуіне, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтардың дәріптелуіне де назар аударылады. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де басты орында болмақ. Сонымен қоса балаларға арналған инфрақұрылымды және балалар индустриясын дамытуға көп көңіл бөлінеді».

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз

Ұлжалгас Тұрлыбаева,

«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі