Терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

«Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, оқушыларға ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан лоққы мен зорлық зомбылық» дегенге саяды. Ендігі кезекте экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталсақ.Терроризмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «дінтану» сабағымен қоса,АӘТД пәнінің мұғалімдері қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, ережелерімен таныстырып, экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек. Осы аталған жұмыстар бойынша мектебімізде терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сондықтан да барлық білім беру мекемелерінде алдын ала түсіндіу жұмыстары жүргізілуі ,атқарылуы тиіс.

Илияс Нусипбаев,

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік бастауыш мектептерімен» КММ

 АӘТД пәнінің оқытушысы