«Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы» тақырыбында аудандық семинар

Ескелді ауданы Қарабұлақ орта мектебінде бүгін «Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинарға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Раимбекова Тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды қолдану туралы интерактивті хабарлама жасады. 5-а сыныбының сынып жетекшісі А.С.Калиолданова, қатысушылармен «Бала тәрбиесінің құндылығы мен маңыздылығы» тақырыбында топтық жұмыс жүргізді.

Педагог-психолог М.У.Жумагулова «Эмоционалды көңіл-күйді көтеру» тренингін өткізді. 2-б сыныбының сынып жетекшісі Л.М.Фоминых, 7-а сыныбының сынып жетекшісі  А.К.Джексенбинова, дебаттық клуб жетекшісі Ж.П.Бекдисинова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі