
Ескелді ауданы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде «Аутодесструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары» жобасы бойынша «Балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту» тақырыбында ауданның мектеп педагог-психологтарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинарға облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Д.Ж. Кыдыкенова «МАК картаның диагностикалық ерекшелігі», ауданымыздың мектеп психологтары С.М.Касенова, Д.О,Ахмеджанова, А.А.Бейсетов, Н.Т.Досжанова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында әдістемелік кабинет әдіскері Д.К.Занигинова рефлексия жасап, кері байланыс берді.
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі