Мамандығым – мақтанышым

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында Кітапханашылар күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Келген қонақтарға мектеп тарапынан арнайы оқушылардың шығармашылығынан көрме, Ш.Уәлиханов атындағы мектепішілік музейге саяхат ұйымдастырылды. Әлем деңгейіндегі кітап қорынан көлемі бойынша ең ауқымды, оқырманы саны көп кітапханалардың алғашқы TOP-10 көрсетілді. Ш.Уәлиханов АОМГ кітапханашысы Р.Доспаева аудан мектептерінің кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарған іс-шаралары бойынша таныстырылым көрсетіп өтті. Қонақтармен викториналық ойындар да өткізілді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Бектуров және аудандық кәсіподақ төрайымы А.Айтбузинова тарапынан беру мекемелеріндегі қызмет ететін кітапханашыларды ынталандырып, еңбектерін бағалап Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, биыл еңбек өтілдері мерейлі дата болып саналған (20, 25, 30 жыл еңбек еткен) кітапханшылар да сыйлықтармен марапатталды. Ш.Уәлиханов АОМГ кітапханашысы Р.Доспаева «2022 – Балалар жылы» аясында республикалық «Жас дарын» орталығы ұйымдастырып отырған «Самға Самұрық» атты байқауда шәкірттері үздіктер қатарынан табылып, білім мен өнер бәйгесінде алғырлық танытқаны үшін дипломмен марапатталды. Іс-шара соңында қонақтарға арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі