Үздік ауыл әкіміне алғыс білдірілді

??25 қазан Республика күні қарсаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев  Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Самат Ихсановқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбаевтың алғыс хатын табыстады. Округ әкімі  С.   Ихсанов осы жылы Агенттік бастамасымен ұйымдастырылған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының аймақтық іріктеуінде жеңімпаз атанып, облыс намысын Республикалық кезеңде қорғаған болатын.

☝️☝️☝️Елімізде үшінші жыл қатарынан өткізілген конкурстың мақсаты – ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, жергілікті бастамаларды, оның ішінде ұсынылған әлеуетті жобаларды ынталандыру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосқан үздік әкімдерді анықтау және көтермелеу болды.

Бейбіт Өксікбайұлы ауыл әкімінің алдағы қызметіне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы еңбегіне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облысы бойынша Департаменті