1) Сәлеметсіз бе! Мен үш жыл бұрын зейнетақы жинағымды сақтандыру ұйымына аудардым. Айтыңызшы, мен бұл ақшаның бір бөлігін қайтара аламын ба?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Оның ішінде 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 60-бабына да өзгерістер енгізілді.
Заңның 60-бабының 14-тармағында зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар ол жасалған күннен бастап екі жылдан асқан кезде сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойынша Шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі белгіленді. БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша сомасы оған өзгерістер енгізілген күнгі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі Заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшерін негізге ала отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуға тиіс.
Осы тармақтың күші Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылатынын атап өтеміз.
БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін салымшы (алушы) салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде Шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс.
2) Қайырлы күн, мен қазір зейнеткермін және зейнетақы жинақтарым жеткіліктілік шегінен жоғары, сондықтан емделу үшін зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін ала аламын ба?
Заңның (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы) 30-бабының 1-тармағына сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде беріледі.
Осылайша, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың төменде көрсетілген талаптардың бірі болған кезде құқығы көзделген, олар:
егер салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.
Бұл ретте емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін реттейтін қағидаларда біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесі де берілгенін атап өткен жөн. Ол мыналарды қамтиды:
— орфандық ауруларды емдеу;
— стоматологиялық қызметтер;
— түзету және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
— радионуклидті емдеу және радиойодты терапия;
— радиохирургиялық емдеу;
— протондық терапия;
— офтальмологиялық қызметтер.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сіз жоғарыда аталған санаттардың біріне жатсаңыз, онда біржолғы зейнетақы төлемдеріне құқығыңыз бар.
Алуға болатын зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді Сіз ЖЗШ-дан үзінді көшірмеден көре аласыз. Оны БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте (алуға болатын сома автоматты түрде көрсетіледі) не электрондық үкіметтің сайтында немесе қосымшасында көруге болады.
3) Қайырлы күн! БЖЗҚ қызметтерін жеке куәліксіз, оның сандық көшірмесімен ала аламын ба?
Иә, бүгінде жеке зейнетақы қызметтерін жеке куәлікті көрсетпей-ақ алуға болады. Ол үшін смартфондағы egovmobile қосымшасында оның сандық (электрондық) нұсқасы болуы жеткілікті.
Мұндай мүмкіндікке тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана және тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде ие болады.
4) Қайырлы күн! Менің жұбайым Түркия азаматы, бірақ Қазақстанда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Оның БЖЗҚ-да жинақтары бар. Айтыңызшы, ол өзінің жеткіліктілік шегінен асатын ақшасын тіс емдеуге пайдалана ала ма?
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (ШТЫ) болып табылады.
Демек, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру дерегін шетелдіктің тұруға ықтиярхатының бар екендігімен растайтын шетелдіктердің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (олар болған кезде) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы бар.
Осылайша, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың төменде көрсетілген талаптардың бірі болған кезде құқығы көзделген, олар:
егер салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;
егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.
5) Сәлеметсіз бе! Мен — Ресей азаматымын. Бірақ геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанда тұрып, жұмыс істеймін. Егер мен өз азаматтығымды өзгертпесем, зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі қалай шешіледі?
ЕАЭО туралы 29.05.2014 жылғы Шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлері мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. Мұндай халықаралық шарт 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім (бұдан әрі — Келісім) болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда және тәртіппен қалыптастыру. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарының көлемін өз азаматтарына ұқсас шарттарда ұсынуға кепілдік беруге тиіс.
Осылайша, егер Сіз Ресей Федерациясының азаматы ретінде Қазақстан аумағында еңбек қызметін Қазақстанның жұмыс берушісімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде уақытша жүзеге асыратын болсаңыз, онда жұмыс беруші табысыңызды есептеу кезінде зейнетақы жарналарын (МЗЖ/МКЗЖ) ұстап қалып, БЖЗҚ-ға аударуға міндетті. Бұл ретте МЗЖ және МКЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жұмыс берушіден БЖЗҚ-ға МЗЖ/МКЗЖ-ның бастапқы сомасы түскен кезде автоматты түрде ашылады.
Еңбек шарты немесе жұмыс берушімен азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығыңыз Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде ғана пайда болады, атап айтқанда:
1) зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін;
2) егер мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектігі берілген кезде.
Бұл ретте жоғарыда аталған жағдайлар туындаған кезде, Сіз зейнетақы төлемін алу бойынша Келісімді іске асыру үшін Қазақстандағы құзыретті орган болып табылатын БЖЗҚ-ға немесе тұрғылықты мемлекеттің құзыретті органына, мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсына отырып, Ресей Федерациясының Зейнетақы қорына жүгінуге құқылысыз.