Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс

«Балдәурен» балабақшасы бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар қызметкерлерге таныстырылып сәйкесті жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылды.

Сыбайлас жемқорлық қарсы жұмыстың мақсаттары мен міндеттері:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, балабақша жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Тәрбиелеу — оқыту үрдісінде педагогтер тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу.

Әр педагог білуі тиіс:

— Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібін;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеуді;

— Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығуды.

Балабақшада құқықтық Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарының қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі таныстырылып, мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Балабақша қызметкерлерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда.

Мектепке дейінгі ұйымда ақша жинауды болдырмау, балабақшамен қоштасу, мерекелерде балабақша қызметкерлеріне сыйлыққа ата-аналардан ақша жинамау шаралары үнемі қатаң қадағалануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмысының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында мәселе ретінде талқыланып қаралады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған. Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

С.Ж.Кыдырманова,

«Балдәурен» балалар бақшасының меңгерушісі