«Балалар жылы»: Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақта

Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым  бақытты  болатындығын  адамзат  тарихы дәлеледеген.«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп  алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние  танымын ,өмірге  деген көзқарастарын  және соған сай мінез –құлқын қалыптастару»,-делінген тәрбие тұжырымдамасында. Балаларды тәрбиелеу мәселесі- мектептің педагогикалық жүйесінің бөлінбейтін ең негізгі бөлігі.

Ұрпақ тәрбиелеудің теориялық мәселелерін оқып үйрене отырып, оқушы бойында оң қасиет қалыптастыратын ата-ана, қоғамдық орта болса, соның ішінде ең негізгісі ұстаз болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі – кемел болашақтың бастауы.  Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадомалақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен  «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылуда. Абай атындағы орта мектебінде  Балалар жылына арналған іс шаралар жоспары жасалып, жүзеге асырылуда. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз дегендей   Балалар жылында атқарылатын игі шаралардың бірі – сауықтыру мәселесі болды.

Осы орайда «Шуақты Жаз-2022» айларымен оқушылардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастыру мақсатында  мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс алаңындағы күндері қызықты етіп ұйымдастырылды.Сынып жетекшілері  және ата аналары бірлесе отырып Талдықорған қаласындағы «Мактуп» ойын сауық орталығына, табиғатқа  топ серуенге  апарып балаларды демалдырып қайтты.

Тарих – халықтың зердесі. Ел тарихын білу арқылы тарихи сана қалыптасады, тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі  . Осы орайда « Тарихқа  тағзым » айдарымен 5-6 сынып оқушыларымен  М.Тынышбаев  атындағы  тарихи -өлкетану мұражайына, Жетісу ауылындағы «Жетісу тарихы өлкетану»  мұражайына саяхаттап  қайтты.  Мұражайдан көптеген мағұлматтар алды, білімдерін кеңейтті, қызығушылықтары артты.

Мектеп партасында отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түспейді. Білім алушылардың таным – білімін кеңейту, бос уақытын қызықты өткізу барысында көптеген қызықты «Домбыра», «Жас суретші», «Балауса би», актерлік шеберлік  тобы т.б,   спорт түрлерінен,  үйірмелер  жұмыс атқаруда.   Иә, бұл үйірмелер балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған.

Аудан көлемінде  Балалар жылында орай  «Өнерлі балалар шаттық пен қуаныштың ордасы» көркемөнерпаздар байқауында «Үздік домбырашылар» номинациясымен марапатталса  , «Бақытты бала-Мәңгілік ел кепілі» атты мектеп оқушыларының аудандық пікір-сайыс турниріне қатысқан  Серікқызы Кәусар мен Дүйсенбекова Аяжан жүлделі 3 орын иегері атанды. Аудандық Мұқағали оқуларынан 8сынып оқушысы  Нұрлан Бөпенай 2орын, Нұртілеу Сетер отбасы «Өнегелі отбасы »байқауында 3орын , Кенжебек Әсем «Менің кіші Отаным»байқауында 1 орынды жеңіп алып мектеп мерейін асырды.  Наурыз мейрамы қарсаңында  «Ұлттық тәрбие» бағытында  «Әжемнің даналығы – немеремнің даралығы» айдарымен іс шара өткізілді. Іс-шараға  ақкимешек киген әжелер қатысып немерелерімен бірге өнер көрсетті. Шағын орталықтың  кішкентай бүлдіршіндері өнер көрсетті.

Түптеп келгенде баланы оқыту, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау аздық етеді. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Сол үшін үнемі оқуымыз керек, ата-ана мектебінен өтуіміз керек. Сонда ғана ұрпақ болашағы жарқын болмақ. Ұлды тәрбиелесең елді тәрбиелейсің, қызды тәрбиелесең ұлтты тәрбиелейсің. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» — депұлы ақын  А.Құнанбаев айтқан екен. Баланың жарқын болашағы үшін оның қызығушылығын одан әрі жетілдіру, ішкі жан дүниесіне үңілу, әңгімелесу де маңызды. Сондықтан бұл жылды балалармен сырласу жылы деуімізге де болады. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.

Клара Укешова,

 «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тәрбие жұмысының орынбасары