ҰЭМ басшысы ҚР Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті

Бүгін Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелерімен елдің экономикалық даму мәселелерін талқылады. Іс-шара Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтті.

Министр өз сөзінде атап өткендеу геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстанда экономикалық өсудің оң қарқыны сақталуда.

«А.ж. 8 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,1% құрады. Бұл ретте, жағымсыз сыртқы экономикалық үрдістерді назарға ала отырып, жылдық өсім болжамы 3,9%-дан 3% — ға дейін қайта қаралды», — деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ҚР Президенті бастамашылық еткен әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, ҚР ҰЭМ салық, бюджеттік және инвестициялық саясатты жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Өзекті емес және негізсіз реттеуші талаптарды қысқарту, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың барлық салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, 2024 жылдан бастап «таза парақтан» реттеуді толыққанды іске қосылуы пысықталуда», — деп толықтырды А.Қуантыров.

Өз кезегінде, Жас сарапшылар клубының мүшелері салық мөлшерлемелері мен басқа да әлеуметтік аударымдардың халықаралық тәжірибесіне, қалыптасқан жағдайда отандық бизнестің стратегиясына және экономикалық дамудың басқа да маңызды мәселелеріне қатысты өз ұсынымдарын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрі клуб мүшелеріне жиынға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, олардың ұсыныстары егжей-тегжейлі зерделенетініне сендірді.