Құрылыс және ТКШ істері комитеті қалалық ортаны дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты

Халықаралық инвесторлар апталығы аясында АХҚО-да GPI Group компаниялар тобы ұйымдастырған форум өтті.

Іс-шараға орнықты даму, урбанистика және ақылды қалалар саласындағы жетекші сарапшылар, өңірлердің басшылары, мемлекеттік органдар, ірі құрылыс компаниялары қатысты.
«ESG қалалық жоспарлау шешімдері: жасыл қалалар» панельдік сессиясы барысында ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің Төрағасы Тимур Қарағойшин өңірлерді тиімді басқару мен олардың жұмыс істеуін құру үшін қажетті қала құрылысы процестерін дамыту , жаңа тәсілдер туралы презентация жасады.

Комитет Төрағасы атап өткендей, тұрғын үйлерді жайластыру және қалалардың инфрақұрылымын дамытуды қала келбетін қалыптастыру арқылы іске асыру жоспарлануда.
Кешенді міндеттері:
-ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-кеңістіктік сипаттамаларын анықтау
— жоспарлау шешімдерін қалыптастыру
— ашық қалалық кеңістіктерді: көшелерді, алаңдарды, аулаларды, бақтарды, саябақтарды, скверлерді, бульварларды, жағалауларды абаттандыру.
Қалаларды кешенді салу стандартының нормаларын қолдану мыналарды көздеуге мүмкіндік береді:
— қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, халықтың жайлы тұруы
— тұрғын үй және көпфункционалды құрылыс аумақтарын дамыту
— ашық қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру
Стандарттар бекітіліп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Оның айтуынша, қаланың ашық қалалық кеңістігін абаттандыру жасыл желектердің санын көбейтуге, қылқан жапырақты өсімдіктер мен суару жүйелерінің кең ассортиментін енгізуге, қолданыстағы жасыл аймақтарды көркейтуге және оларды экопарктерге ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Комитет төрағасы Қонаев пен Павлодар қалаларына стандарттарды қолдану мысалдарын келтірді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар қаланың тұрақты дамуы мен циклдік экономикасы тұрғысынан «smart city» тұжырымдамасының тәсілдерін талқылады, аумақтарды дамыту және қалалардағы халықтың өмір сүру сапасын арттыру стратегияларын қарастырды.

ҚР ИИДМ