ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаев жүргізді. Жиынға бөлім басшылары мен ауылдық округтің әкімдері толығымен қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Маскүнемдік, араққұмарлық және нашақорлықтың алдын алу, яғни құқықбұзушылық субъектілерінің жұмысының жағдайы мен осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша баяндаманы ауданның жергілікті полиция бастығы С.Тұнғатов жасады. Жазғы демалыс мерзіміндегі кәмелетке толмағандардың демалысы мен бос уақыттарының  ұйымдастырылуы туралы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Жақанова есеп берді. Үшінші мәселе төңірегінде, яғни кәмелетке толмағандарға байланысты жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауданның жергілікті полиция бастығы С.Тұнғатов атқарылып жатқан шараларды баяндады.

Жарыссөзде ауыл округінде орын алған тәртіп бұзушылық пен ашылмаған қылмыстарды әр ауыл басшылары жергілікті полиция бастығына хабарлап, мән-жайды шешіп беруін сұрады.

Аталған мәселелер бойынша, яғни қылмыс мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алуды жергілікті полицияның қатаң назарға алуын және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ауыл округінің әкімдеріне Қайырғали Айтжанұлы тапсырды.

Зейнегүл БЕЙБІТҚЫЗЫ.