Ескелділіктерге кәсіпкерлікті қолдау бағыты түсіндірілді

27 қыркүйек күні Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінде «Аманат» партиясының аудандық филиалында «Демеу» мүгедектерді қолдау орталығындағы мүгедектігі бар азаматтар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар, ҮЕҰ және басқа да санаттағы ескелділіктермен кездесу семинары өтті.

Шараға «Демеу» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұзақбаев Ахат Сатыбалдыұлы мүгедектігі бар азаматтар, тұрғындар, қатысып, пайдалы ақпараттарын алды. «Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ үйлестірушісі, әрі «Тең қоғам» мүгедектерді қолдау орталығының офис менеджері Ғазиз Аманжолұлы шараны ашып жүргізіп, Жетісу облысының «Атамекен» ҰҚП адами капитал дамыту бөлімінің сарапшысы Астаубаев Айдын Амангелдіұлы қатысушыларға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз грант қағидалары, палата тарапынан қаржылай емес қолдау түрлері жайында, өз жобаңды жазып, оның іске асыру жолдары, «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағдарламасы туралы түсіндіріп өтті.


Шара жалғасы сұрақ-жауап алмасумен өтіп, қатысушылар тарапынын түрлі ұсыныстар білдіріп, өтінштері назарға алынды. Аталған бағыттағы шаралар тұрғындарға өте қажет екендігін атап өткен қатысушылар, ақпараттық-түсіндірмелі бағыттағы жұмыстар үнемі жүргізіліп, ауыл-ауылдарға дейін қамтылса деген ойларын білдірді.