Жетісу дарыны өтті

23 қыркүйек күні облыстық «Жетісу дарыны» орталығының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында 3-4, 5-6, 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқуы» байқауының бірінші (аудандық) кезеңі өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен 68 оқушы қатысты.

 Оқушылар 2 кезеңдік тапсырма орындады: 1. тест тапсырмаларын орындау, 2. берілген тақырыпқа сай эссе жазу.  Орындалған жұмыстарды аудан бойынша құрылған әділқазылар алқасы тексеріп, жеңімпаздарды анықтады. Шешім бойынша: 3-4 сынып оқушылары арасында 1 орынды – Жалғызағаш ОМ оқушысы А.Мұратханқызы, 2 орындарды – Мелькомбинат НОМ оқушысы Д.Досымжан, Кошевой АНОМ оқушысы А.Досанхан, 3 орындарды – Титов АОМ оқушысы И.Райс, Жақыпбаев АОМ оқушысы Ж.Айтахмет Байысов АОМ оқушысы А.Абижат, 5-6 сынып оқушылары арасында 1 орынды – Сейфуллин АОМ оқушысы Ж.Кобланова, 2 орынды – Қаблиса жырау АОМ оқушысы Ұ.Есболатқызы, Жалғызағаш ОМ оқушысы Б.Нұрғазықызы, 3 орынды – Рүстембеков АОМ оқушысы А.Ердаулетқызы, Кошевой АНОМ  оқушысы Ы.Жанарбек, Титов АОМ оқушысы М.Алимханов, 7-8 сынып оқушылары арасында 1 орынды – Алдабергенов АОМ оқушысы М.Абылайхан, 2 орынды – Титов АОМ оқушысы А.Ерадилова, Сейфуллин АОМ оқушысы Ә.Еркін, 3 орынды – Қаблиса жырау АОМ оқушысы М.Қастерқызы, Жетісу ОМ оқушысы Н.Әсет, Кошевой АНОМ оқушысы А.Нәбихан, 9-10 сынып оқушылары арасында 1 орынды – қаблиса жырау АОМ оқушысы К.Жанарқызы, 2 орынды – Титов АОМ оқушысы Б.Жұмағазықызы, Маметова АОМ оқушысы Н.Өмірбай, 3 орынды – Б.Жолбарысұлы АОМ оқушысы М.Нұрахан, Сейфуллин АОМ оқушысы А.Нұржанқызы, Ш.Уәлиханов АОМ оқушысы А.Наурызова иеленді. Нәтижелер бойынша бірінші орындарға ие болған оқушылар облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Облыстық кезеңге баратын оқушыларға сәттілік тілейміз!

ЖШ Ақпарат