Қазіргі кезде діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Сол себепті мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ.
Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, діни көзқарасын «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын қалыптастыру мақсатында мектепте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына бағытталған іс-шара жоспары құрылып, бекітілген.. Жоспарға сай мектепте ҚР Президентінің Жарғысының орындалуы негізінде жасөспірімдер мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу ақпараттық бұрышы дайындалды. Мектеп оқушыларына жылына екі рет экстремизмге қарсы нұсқаулықтар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары таныстырып отырады. «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту шаралары» дөңгелек
үстел, «Діни экстремизмнің әлемдік қауіп-қатері» баяндама «Қазіргі діни ұйымдар», «Діни экстремизм деген не?», «Адастырушы діни ағымдар», т.б. тақырыптарда ашық әңгіме мен тәрбие сағаттары өткізілді. Әр өткізілген шарада оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға байланысты сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушыларға «Хиджаб, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелері түсіндірілді.
Қазіргі кезде діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар,әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын құрметтеп, дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу – діни сауаттылықтың бір қыры. Тарихқа көз жіберсек, кез келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын қөруге болады. Сондай-ақ ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқауға болады.
Сонымен қатар, діни ұйымдарға қатысатын отбасылар мен оқушыларды анықтау, әлеуметтік педагогикалық диагностика жүргізу, мектеп ішіндегі оқушылардың киімі туралы ережесін сақтауын қадағалау, мектеп ғимараты мен ауласына келген бөгде адамдарға бақылау жүргізу жұмыстары да жүргізіледі. Қазақстандық әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген.
Олжас Тлеубекұлы, Алдабергенов атындағы орта мектебінің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі