«Тілдер мерекесіне» арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты апталықтың өтілу барысы туралы мәлімет

Ана тілім,дана тілім ,бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүнмеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым,шаттығым,

Сенсің менің тазалыңым пәктігім.

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі,тілін білмеген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге,ұлтқа пайдалы мәселелерді  қозғап ,жауапкершілікті сезінеді. Өйткені ,мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да,ең өзекті мәселе.

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы» 5-12 –ші қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталған  апталық аясында  бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты  болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.  Шараны пән мұғалімдері дайындаған  оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды. Сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің негізін қалаушы» деген тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.  «Ана тілім құдіретім» атты 9-10-шы сыныптардан эссе жұмыстары алынды. «Үш тілділік заман талабы» атты интелектуалдық ойын, «Тілім менің тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы сияқты әр түрлі сайыстар апталық кезінде мектеп қабырғасынан көрініс таба білді. Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты тілдер апталығының әдеби –танымдық қорытынды  кеші өткізілді.Мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Н.Дәуленбекова құттықтау сөзінде Елбасының  данышпан саясатының арқасында елімізде  қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін,мәдениетін,сондай-ақ  мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып,маңызды апталықта белсенділік танытқан жеке тұлғаларды атап, тіл мамндарына өз ризашылығын білдірді.

Б.Б.Ахметова, «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының»
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі