Жас мамандар мектебінің жетістігі

Ұстаздық —  өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.

Н.Алдабергенов  атындағы орта мектепте 2021-2022 оқу жылында  10 жас маман жұмыс істеді.  Оқу жылының басында  тәлімгерлер тағайындалды, жас мамандармен сауалнама жүргізіліп, жаңа оқу жылына жоспар құрылады.Мектеп жоспарымен қатар әр тәлімгер өз жоспарын құрастырды. Жыл бойы осы жоспарлар бойынша жұмыс жүргізілді. Жас мамандармен ай сайын өтетін отырыстар талқылау, сараптау, ақыл-кеңес, ұсыныс беру, пікір алмасу ретінде өтеді. Өткізілетін семинарлар, треннингтер, дөңгелек үстелдер арқылы жас мамандардың кәсіби білімін,шеберлігін жетілдіруді көздейді. Тәлімгерлер болатын іс-шараның тақырыбын және оқитын әдебиеттер мен ақпараттардың, сілтемелердің тізімін алдын-ала беріп,  осы тақырып бойынша жұмыс жүргізіледі. ЖММ отырыстарында осы жұмыс бойынша әр жас маман өз ойын ортаға салады. Әр тәлімгер жас маманның жұмысын бағалап, әдістемелік көмек көрсетіледі.

Өткізілетін тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, көмектесу бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіліп отырса, үнемі бағыт беру жұмыстары жүргізілсе, нұр үстіне нұр болады.

Биылғы жылы жас мамандар үшін жемісті жыл болды. Олар республикалық, облыстық , аудан көлемінде өткізілген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсам, тарих пәнінің мұғалімі Жұмабек Еркебұлан Ермекұлы  Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы өткізген «Әлихан Бөкейханов: Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, мақаласы жарық көрді.

Еркебұлан   Ресей мемлекетінің Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік университеті өткізген «Орта Азия және Алтай өлкесінде Аймақтану бағытындағы пәндерді оқыту» курсына қатысты.

Ескелді ауданы Кәсіподақ ұйымының  ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Спартакиада-2021» жарысында тоғызқұмалақтан жүлделі 1 орынды иеленді.

Қазақ тілі пәні мұғалімі Болатханова Алтынай  Алматы облысы Білім басқармасы өткізген «Детективтің дарабозы» атты облыстық интернет- конференциясына қатысып, мақаласы жарық көрді. «Д.А.Қонаев-ғасыр саңлағы» атты мақаласы облыстық ғылыми-практикалық конференция жинағына енгізілді.

Алтынай Болатханқызы  аудандық «Екі жұлдыз» сайысына қатысып, 1 орынды иеленді. Алтынай  Ескелді ауданы Кәсіподақ ұйымының  ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген өнер байқауының жеңімпазы атанды.

География пәні мұғалімі Құрмашева Айнұр  Ресей мемлекетінің Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік университеті өткізген “Орта Азия және Алтай өлкесінде Аймақтану бағытындағы пәндерді оқыту” курсына қатысып өз білімін шыңдады.

Аудандық  Білім бөлімі өткізген «Ауылымнын ауасы» кітапша байқауына қатысып, Қарабұлақ ауылының климаттық ерекшелігі туралы мәлімет беретін жұмыс жазды.

Айнұр сәуір айында Талдықорған қаласында өткен тәлімгер мен жас маманның жұмысы сарапталатын   «Педогогикалық  тандем» байқауына қатысты. Айнұр тәлімгері Анжелика Нестеренко екеуі  ең үздік деп танылып, «Ең үздік педогогикалық  тандем» номинациясын жеңіп алды.

М.М.Бопанова, ЖММ жетекшісі