«Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы» атты оқыту курсы

ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті «ЗУБР» Консалтинг-орталығымен бірлесіп «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы» атты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғаларына арналған оқыту бағдарламасын іске қосуда.
Оқыту бағдарламасы 3 семинардан тұрады:
1) «Үшінші сектор – серіктес немесе қарсылас»;
2) «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»;
3) «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы».
Оқыту ZOOM платформасы арқылы а.ж. 27 қыркүйегінен 11 қазанға дейінгі аралықта өтеді.
Қазіргі таңда дәріс тыңдаушыларының тізімінде орталық мемлекеттік органдардың 35 (21 мем. орган бойынша) және жергілікті атқарушы органдардың 347 қызметкері тіркелген.
Ұйымдастырушы: ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы.
Толығырақ:
Оқыту бағдарламасы 5 түрлі топ үшін өткізіледі.
— 27 қыркүйек – орталық мемлекеттік органдарының өкілдері үшін;
— 29 қыркүйек – Астана және Алматы қалалары, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының өкілдері үшін;
— 4 қазан – Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері үшін;
— 6 қазан – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының өкілдері үшін;
— 11 қазан – Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарының өкілдері үшін.

ҚР АҚДМ