2022 жылдың қыркүйек айының 8-і күні Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында аудандық мәдениет үйінде ардагерлер фестивальі өтті. Мақсаты, аудан ардагерлерінің бос уақытын тиімді өткізу. Өнерін шыңдау, жастарға аға-буынның өнерін насихаттау арқылы ұлттық мәдениетімізді өркендету.
Бұл игі іс-шара Республикалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығы аясында аудандық ардагерлер кеңесі мен мәдениет үйі ұйымдастырды. Аталмыш шараға ауылдық елді-мекендерден ақылдың кенін арқалаған, адамгершілік пен инабаттылықты, сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді бойына сіңіре білген, 25 ардагер қатысты. Фестивалге қатысушы ардагерлерді Жетісу облыстық орталығынан келген әділқазы алқалары бағалап өтті. Олар; Серғазинова Райхан Капышқызы — Жетісу облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары. Әжібекова Серікжамал Нүсіпқызы — Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі; Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы – Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары; Нұрғалиева Дина Нұрғалиқызы — Жетісу облыстық әжелер ұйымының төрайымы; Курсабаев Азат Қадырұлы — Жетісу облыстық ардагерлер хорының жетекшісі. Шара қорытындысы бойынша I — орын Қоңыр ауылының Қоңыржай ардагерлер ансамблі қанжығасына байласа, ІІ – орын иегерлері Ақын Сара ауылынан Байжанов Қырықбай, Жетісу ауылынан Қызырбай Нұрахман қоржынына салды. Ал, жүлделі ІІІ – орынды Сырымбет ауылының «Асыл әжелер» ансамблі мен Қоңыр ауылынан Баянистер тобы және Жалғызағаш ауылынан Мусафиров Нүсіпхан ие болды. Фестивалге қатысқан барлық ардагерлерге аудандық әкімшілік тарапынан қолдау көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
ЖШ Ақпарат