«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1-наурыздағы Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 12-3)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84, 85, 86-баптарын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырмасымен, Балықты өзенінің бойынан су қоймасы құрылысын жүргізу мақсатында, мемлекет мұқтажы үшін осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
2. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иесі көрсетілген қаулымен келіспеген жағдайда мәжбүрлеп иеліктен мерзімін хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2022 жылдың 30-наурызға дейін деп айқындалсын.
3. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иесінің жүгінетін орыны «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, №65 ғимаратты 3 қабат, 20 бөлме. Байланыс телефоны 3-17-68.
5. «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
6. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама таратсын.
7. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мен «Ескелді ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:
1) мемлекет мұқтажына түсетін жер учаскелерге 2 ай мерзімі ішінде қанша қаражат қажет ететінін анықтасын;
2) меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар хабарлама алғаннан кейін Ескелді аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарау мен келісу үшін жер учаскесін сатып алу шарттарының жобаларын ұсынуға материалдарды дайындасын;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктер жүзеге асырылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін.
Ескелді ауданының әкімі Е. Ахметов
Аудан әкімдігінің
2022 жылғы «……..» ………………………..
№ ……. қаулысына 1-қосымша
Балықты өзенінің бойынан су қоймасы құрылысын жүргізу мақсатында, мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің тізімі