Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕЛДІ ЖӘНЕ КӨКСУ АУДАНДАРЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БІРІКТІРІЛГЕН  БӨЛІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Министерство обороны Республики Казахстан

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЪЕДИНЕННОГО ОТДЕЛА ПО ДЕЛАМ ОБОРОНЫ ЕСКЕЛЬДИНСКОГО И КОКСУСКОГО  РАЙОНОВ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ

ВЫПИСКА ИЗ ПРИКАЗА

№_____

2022 жылғы  01 қыркүйек                                                           01  сентября  2022года

Қарабұлақ  ауылы                                                                            село  Карабулак

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының негізіне№ 561-IV 2012 жылғы 16 ақпандағы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан  Республикасының ер азаматтарды, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 04 наурызындағы № 827 Жарлығы, Алматы облысының 2022 жылдың  05 наурызындағы № 55 қаулысы (наурыз-шілдесінде, қыркүйек -желтоқсанында) кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»  Алматы облысының Ескелді, Көксу аудандарымен Текелі қаласы аймақтарында 2022 жылғы 01 қыркүйектен  және 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары мен басқа әскерлеріне мерзімдіәскери қызметке шақыру өткізілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:

1.Ескелді ауданының шақыру участогіне шақыру үшін 1995-2004 жылдары туылған еркек жынысты азаматтар шақыру күнінде 18 жасқа толған 2004 жылы туылған  барлық ер азаматтар мерзімінен асқан немесе мерзімді әскери қызметке түрлі себептермен бұрында шақырылмаған азаматтар жатады.

2.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын барлық еркек жынысты азаматтар міндетті түрде шақыру участогіне яғни белгіленген уақытында, шақыру қағазында көрсетілеген кұжаттармен Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы Жерұйық көшесі 13үй; Көксу ауданы Балпық-би ауылы Мырзабеков көшесі 40 үй, әскери-есеп үстелі; Текелі қаласы бойынша Казахстан көшесі 19 үй, әскери-есеп үстеліне келуге тиіс.

Мерзімді әскери қызметке  шақыру және шақыру комиссиясын өту үшін келуі туралы қағазын алмаған  ер азаматтар, Ескелді және Көксу аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген  бөліміне 2022 жылғы  01 қыркүйектен  көрсетілген мекен-жай бойынша, өзімен бірге құжаттарымен және  жеке куәлігімен келуге тиіс.

3.Мерзімді әскери қызметке жататын жасөспірімдер, Ескелді, Көксу аудандары және Текелі қаласы аймағында уақытша жүрген азаматтар тез арада өзінің тұрғылықты жеріне қайтарылыпЕскелді және Көксу аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген  бөліміне  келіп, әскери есепте тұратындар, шақыру комиссиядан өтуі тиіс.

4.Мерзімді әскери қызметке шақыруға өз уақтында келмеген азаматтар, шақыруучастогіне келуге бас тартқандар қазіргі заңдылықтарға сәйкес жауапқа тартылады.

5. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде, әскерден жалтарған әскери шақырылушыларға іздеу және де басқада қызметтік жұмыстар бойынша Текелі қалалық әскери-есеп үстелінің жұмысын жеңілдету үшін Мercedes- Benz автокөлігімемлекеттік нөмірі  B 202 DA бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет жәнеәскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының  негізінде кәсіпорын басшылары, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары шақырушыларды жұмыстан немесе оқудан шақыру уақытында босатуға тиіс, шақырушыларды іссапардан немесе демалыстан шақырып, шақыру участогіне уақытысымен жеткізілуі қамтамасыз етілсін.

7. Бұйрықтың орындалуын бақылау жасақтау  бөлімше бастығы майор Д.Б.Абдыбаевқа жүктелсін.

8.Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Негіздеме: 2012 ж. 15.05. № 620 ҚР Үкімет Қаулысы.

Ескелді және Көксу аудандарының қорғаныс істері

жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы

подполковник                                            Р.Битикбаев

Көшірме дұрыс:   Инспектор (жұмылдыру ресурстарын есепке алу және

тағайындау  жөніндегі (запастағы офицерлерді)

Азаматтық персонал                                                                 Г. Мұхамедова