Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлықты тек қана Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.
Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі – Заң алдында барлық адамдардың теңдігі. Жемқорлық қылмыс жасаған өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікке бірдей тартылады.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол, саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Конститутциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Н.О.Еселбай, Ескелді ауданының статистика басқармасының басшысы