Кітапхана – білім мен мәдениеттің ошағы

Жаңа кітапхана ашылды

«Кітапсыз, кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес»- деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында кітапхана ашылды. Аудандық кітапхана жүйесі соңғы жылдары өз оқырмандарына жақындай түсу жолында бірқатар игі қадамдар жасауда.

Оған дәлел, оқырмандармен қоян-қолтық араласып, олардың ой талғамдарын білу мақсатында түрлі тақырыптарда кітаптар мен жаңадан шыққан жаңа кітап басылымдарын оқырман қауымға таныстырып келеді. Жалпы оқырмандармен кездесулер өткізуге аудандық кітапхана жүйесінің жылдан жылға кеңейе түсуі де үлкен септігін тигізуде.

Осы орайда осы жылы Ешкіөлмес ауылында ашылған жаңа кітапханада аз мезетте өз оқырмандарын тарта бастағанын атап айтуымыз керек. Кітапхана адамдар көбірек шоғырланған мешіт пен дүкеннің маңында орналасқан. Іші-сырты мұнтаздай таза, жинақы. Кітапханаға келуші оқырмандардың көңілінен шығары сөзсіз. Кітапханада  оқырмандарға тәжірибелі маман Досымбекова Роза қызмет көрсетеді. Әзірше кітапхана қоры шамалы төрт мыңның шамасында болғанымен, алда кітапханадағы кітап қоры көбейетіні сөзсіз.

Құрметті оқырмандар, Ешкіөлмес ауылында ашылған жаңа кітапханаға келіп, кітапханадағы қызықты кітаптарды алып оқуларыңызға болады.

Роза Досымбекова, Ешкіөлмес ауылдық кітапханасының кітапханашысы