Адамның жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік.
Қыркүйек айы жақындай бере бағасы шарықтай түсетін оқу – құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылында ата – аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алды?!
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі іс екені баршамызға аян. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отырады. Науқан уақытында мектебіміздің басшысы Р.Б.Мейрбекованың ұйымдастыруымен жоспар бойынша нақты қадамдар жасалынды. «Қайырымдылық –адамгершіліктің белгісі» демекші, акция барысында қолұшын созып, жас ұрпаққа қамқорлық танытқан жандардың барлығы қуантады. Шара аясында «Хильниченко» ШҚ, «Али-бастау Арна» ЖШС және «Еуразиялық банк» АҚ демеушілігімен мектебіміздегі балаларға жалпы құны 630 мың теңге болатын, киім-кешектер мен мектепке қажетті оқу- құралдары табыс етілді.
Болашағымыз бүлдіршіндердің балалық шағы тек бақытты сәттерге толы болсын. Қайырымдылық шараға белсене қатысқан «Хильниченко» ШҚ, «Али-бастау Арна» ЖШС және «Еуразиялық Банк» АҚ басшыларына шын жүректен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.
Е .Ұ.Тазабеков, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «М.Мәметова атындағы орта мектебі МДШО» КММ, Шымыр ауылы