Жарқын шыққан жолдау

Тыйылғандай дағдарыста, даму да

Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да

Басшымыздың елге арнаған жолдауы

Жанымызға нұрлы шуақ құйғандай,- демекші Мемлекет басшысының жалау еткен Жолдауына әрбір қазақстандық жүгінуі міндетті. Біз үшін Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік. 2022 жылдың  1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы халыққа кезекті жолдауын жария етті. Алдымен жолдау дегеніміз не? Жыл сайын жарияланатын жолдаудан жылу бар ма? Жолдаудан халық не күтеді. Халық пен тығыз байланыстық. Халық не дейді. Президент Жолдауы жыл сайын бірегей сипатта болады, сондықтан   заманауи Қазақстанды жүйелі жаңғыртудың кешенді шаралары мен нақты бағдарламасы бар, себебі онда Мемлекет басшысы дәстүрлі түрде біздің қоғамымыздың даму векторын белгілейді. Қазақстан халқына  Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – республиканың кез -келген тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім бұдан бастысы  өзі үшін  бағытты табады. Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы,  сөзсіз, барлық қазақстандықтарға қатысты. 

— Асхат Тұрарұлы, ақын.

-Мен, өз басым жолдауды жыл сайын тоспаймын. Маған келіп кетер ешнәрсе жоқ. Жасарымды жасап, асарымды асаған адаммын. Біздің елде тек, өз мақсатыңмен бағытың айқын болмаса, өмір сүру қиын.

-Жанна Байтілесова, ауыл тұрғыны.

-Жыл сайын оқимын, жолдауды күтемін. Жыл бойына талқылаймын. Бір жолғы берген жолдаудан қандай Мемлекетімізде өзгерістер болды. Соны талқылаймын. Бала-шаға ма жетік түсіндіріп, әр жолдаудың айқын мақсатын жеткізіп отыруға тырысамын. Бала өскен сайын , өзінің қай маемлекетте өсіп, өніп жатқанын білуі тиіс. Биылғы жолдаудың маған ұнаған жері, осы күнге дейін болмаған нәрселер айқын айтылды. Тек жүзеге асса болғаны. Мәселен, балларға арналған қор. Содан барып сыр мемлекеттен келетін көліктерге жеңілдік. Мұның бәрі маған қатты ұнады. Мемлекет басшысы халықтың мұңына, жағдайына көзқарасы түзелді деген осы. Тек іске асса болғаны. Айтылған жерде қалатын мәселелерге әбден етіміз үйрендік қой осы күнге дейін. Міне, осындай жәйттер , қапы қалмаса болғаны.

Жанна Байтілесованың  сөзінше, осы жолғы жолдаудан мемлекет басшысы барлық жағдайдан хабардар екені, халықтың мұң-мұқтажын, сұранысын білетіні, заманға сай шешімдерді қабыдағаны көрінді, байқалды.

— Тұрыс Жанайқап, шыны керек, ең күтпеген жаңалық – балалардың есепшотына ұлттық қордан ақша аударып отыру шешімі болды. 18 жасқа дейін әр баланың есепшотына ақша аударылып, содан кейін бала үлкен өмірге қадам басқанда ол ақшаны оқуға және үй алуға жұмсай алатыны айтылды. Мұндай тәжірибені біз шет елдерінен және басқа да дамыған мемлекеттерден көретін едік. Қызығып қарайтын едік. Бұл жаңалықтың бізге келгені жастарымыздың үлкен өмірге еш қиындықсыз қадам басып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Себебі әр жас үшін үлкен өмірге қадам басқанда жұмысқа орналасу, үй алу, үйлену деген мәселелер өзекті мәселе болып отыр. Тұратын жеріне ата-ана жағдайын жасай алса, енді бірі тамағына табалмай жатады. Оқу бітіріп, сыртқа кеткен әрбір баланың шығыны шаш етектен. Бұл да болсын бізге асқан бір көмек.

— Әлия, Қазақстан студенттеріне, жастарға оқу және бизнеспен айналысу үшін берілетін жеңілдікті несиелер берілетініне ерекше тоқталды. Маған ұнаған жері осы. Себебі, жастарымызды қолдау, қорғау керек. Әрбір бастаған игі істеріне қолдау танытпасақ, батқаны батқан. Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілмек. Себебі президент отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету үшін жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие берілетіні айтылды. Дәл қазіргі заманда жастардың кәсіп ашып, бизнеспен айналысуға құлшынысы жоғары екенін байқап жүрміз. Осы несие сол жастарға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Келесі жылы түрлі шаралар арқылы 100 мың жасқа жұмыс берілу керек екенін де жеткізді. Бұл жұмыссыздықты азайтуға көмектеседі деп есептеймін. Ерекше атап өтетін тағы бір мәлімдеме – ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге көбейту.  Бұл жерде де маңызды нәрселер бар. Енді предизенттік сайлауға түсу мүмкіндігі бір рет қана болады, қайта сайлану құқығына тыйым салынады. Сонымен қатар перзиденттік мерзім 5 жылдан 7 жылға ұзартылады. 7 жылдық мерзімді заманға сай мерзім деп ойлаймын. Себебі бұл тәжірибе өзге мемлекеттерде қолданылып келеді. Президент өзі айтқандай нақты нәтиже көрсетемін деген адам осы 7 жылда кешенді жоспармен келіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істей алады. Тағы бір тоқталатын мәселе,жастар арасында нашақорлық, синтетикалық есірткінің оңай әрі тез тарауы туралы да жақсы бастама көтергенін айтып отыр. Енді осы мәселемен күресу үшін арнайы бағытталған кешенді жоспар әзірленеді. Соның арқасында әсіресе жастар арасында есірткіге үйір болу, адасу тоқтайды деген сенімдемін. Жастарымызды дұрыс бағытқа жол сілтеп, бастаған әрбір бастамасын қолдау көрсетіп отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Арай ӘДІЛ