Балабақша – бақытты балалық ордасы

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп — ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге  баулиды.

2022 жылдың 3-і тамызында Жетісу ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен «балдырған» балалар бақшасының ұжымының қолдауымен «Балапан» тобында «Балабақша – бақытты балалық ордасы» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялаған жолдауын қолдау мақсатында  бүлдіршіндерге өз Отанын танып – білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке баулу.

«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

Лаура Ботабай, Жетісу ауылдық кітапханасының кітапханашысы