Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақ

Балалар – мемлекетіміздің  жарқын болашағының кепілі.

ҚР Президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Асық ойнап, ләңгі теуіп, ақ серек-көксеректі ойнап, ауылдың қара топырағына аунап, самал желімен тыныстып, құрт-айранды ішіп  өскен қара домалақ балаларға  арнап биылғы жылды ел Президенті Қасым–Жомарт Тоқаев «Балалар жылы » деп атады.

Білімнің негізгі бастауы балабақшадан басталады. Осыған орай, Көкжазық ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Күншуақ» балалақшасының ауласында «Кел, балалар, оқылық!»  атты буккроссинг өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – Президент жолдауын жүзеге  асырып жас ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерді  білімге баулу.Ұлттық құндылықтарды    жаңғырту, ел тарихындағы тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау.

Айта кетейік, «Ұлы Жеңіс» күніне орай,  Алматы қаласында өткен республикалық жас өнерпаздар арасындағы патриоттық өнер байқауында балабақшаның «Еркем-ай» би тобыЖекебаева Гүлнұр Қасенқызының жетекшілігімен «Хареография» жанры бойыншаа  І орынды иеленіп қайтты.

Айжан НҮСІП, Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы