Отбасы мен жұмысты ұйымдастырудың жаңаша жолдары

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез-келген   мекеме басшысы үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры , болмысын қалайтын мекен.

«Табысты басшы»  жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың басқарудағы озық іс-тәжірибелерді тарату, әдістемелік сүйемелдеу  мақсатында облыс көлемінде

 «Отбасы мен жұмысты ұйымдастырудың жаңаша жолдары»   атты  өз жобаммен тәжірибе  алмастым .

Бұл жоба Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың  дамыту моделін бекіту туралы ҚР үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулыны негізге ала отырып жоспарланды . Жобаның  негізгі мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту.  Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру және оларды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту міндеті болып келеді.

Бұл жобаны қажеттілігі кейбір ата-аналардың бала тәрбиесімен айналыспауы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі немесе ата-аналардың басым бөлігінің жұмыс басты болуы. Өзекті мәселені  шешу үшін балалардың ата-аналарының ішінен бар мамандық иелерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде педиатр, неврапотолог, массажист, логопед-сурдоаудармашы, педагогтар, экономист, технолог және жеке кәсіпкерлер бірлескен ата-аналар кеңесі құрылды.Ата-аналар кеңесі ұйымының ұйымдастыруымен «Бала және ұялы телефон», «Баланың сөйлеуін дамыту», «Ата-ана өнегесі» тақырып аясында он-лайн   конференция, семинар, сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар «Игі істер күні» марафоны, «Тазалық-денсаулық кепілі» эстафетасы, «Балаңызды қаншалықты танисыз?» тақырыптар аясында  тренингтар өткізіліп балабақшаның ғаламтор желілерінде бейнероликтер жарияланып зум конференциясы арқылы ата-аналармен талқыланды. Ата-аналар әр түрлі мамандармен байланыс орнатып, әр тәрбиеленушіге толық тұлғалық өсуіне мүмкіндік ұсынғанын,бала денсаулығының жақсы жағдайы білім сапасының артуына  ықпалын тигізгені  жоба аясында айқындалды. Бұл жоба келешекте жалғасын табуда.

И.К.Байсултанова,

«Айгөлек» балалар бақшасының меңгерушісі, Сырымбет ауылы,  Ескелді ауданы, Жетісу облысы