Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

Бала тіршілігінде де, тәрбие процесінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл- күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерешеліктеріне негізделеді.

Балаллар ойыны мен ойыншықтарына олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптар қойылады, өйткені ойыншық оны қолданған кезде баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей болып жасалуы қажет. Қазақстанда балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кедендік одақ Комиссиясымен бекітілген «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентімен реттеледі.  

Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсармасында қандай жастағы балаларға арналғаны туралы көрсетілуі керек,  мысалы: бір жасқа дейінгі; 1 жастан 3 жасқа дейінгі; 3 жастан 6 жасқа дейінгі; 6 жастан жоғары; сонымен қатар  мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау) дамытуға арналады. Бір жастағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әр түрлі шылдырмақтар, т.с.с. болып табылады. Бір жастың соңына қарай қуыршақтар, аңдар, машина, ойыншық –әткеншектер, т.б. қолданыла бастайды. 

Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізгі талаптары төмендегідей болып келеді:    

1. Нарыққа шығарылатын ойыншықтар Кеден Одағының техникалық регламентіне сәйкес болуы қажет.  

2. Нарыққа шығарылар алдында ойыншықтар гигиеналық қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық және токсикологиялық сараптамадан өткізілуі керек. 

3.  Нарыққа шығарылатын ойыншықтарда қауіпсіздігін растайтын сапалық сертификаты болуы қажет.

4. Ойыншықтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және Кеден Одағының техникалық регламентіне  сәйкес келмеген жағдайда оларды шығаруға, сатуға тиым салынады. 

5. Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек, немесе сатушыда міндетті түрде көрсететін үлгі болуы керек.

6. Үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерге  арналған ойыншықтарды дайындаған кезде –табиғи үлбірді және былғарыны қолдануға болмайды. Сонымен қатар оларды  шыныдан, түкті резеңкеден және металдан жасалған лақтыратын снарядтарды жасауға тиым салынады.

8. Ойыншықтың жиектері, өткір ұштары, қатты бөлшектері, беукітуші бөлшектері, саңылаулары, бұрыштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмау керек. 

Ойыншықты таңдау кезінде сатып алушы мұқият  болуы тиіс:

-Ең бастысы, ойыншық таңдау кезінде танымал өндіруші-фирмаларға жүгініңіз;

-Екіншіден, ойыншықтарды кездейсоқ базарлардан емес, ойыншық сататын арнайы нүктелерден алу керек.

-Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне жете мән беру керек, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде білуге болады. Ойыншықтарда өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмау керек. 

Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау және сатып алу кезінде ойыншықтың сапасына және анықтамасына аса назар аударыңыздар.

Егер Сіз ойыншықтардың сапалығы және қауіпсіздігі туралы (сертификаты, ормасы, анықтамасы) секемденген жағдаймен кездессеңіз, онда зерттеу үшін зертханалық қызметке хабарласуға болады. Ақаулы ойыншықты сатып алған жерді растау үшін сізде сату түбіртегі болуы керек екенін ескеріңіз.

Г. Мұстафина, 
«Ескелді аудандық санитариялық—эпидемиологиялық бақылау
 басқармасы» РММ бас маманы