ҚР жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету

Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 25-165 шешiміне сәйкес- табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар – 500 айлық есептік көрсеткіш ағымдағы қаржы жылына бюджетте көзделген қаражат шегінде беріледі.
Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет көрсетіледі:
Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

А.Бейсбаев,
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы