Ауылшарушылығындағы қолданыстағы улы химикаттар қалдықтарын залалсыздандыру іс-шаралары

Біздің: Ескелді ауданы бойынша жыл сайын өсімдіктердің аса қауіпті зиянкестері, ауруларына және арам шөптерге қарсы күрес химиялық (пестицидтер) іс-шаралары жүргізіледі, олардың барысында пестицидтер (улы химикаттар) қолданылады. Пайдаланылған пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары көптеген шаруа қожалықтарының қомаларында жинақталып, осы уақытқа дейін залалсыздандырылмаған және оны мақсатына сай емес қайта пайдалану мүмкіндігіне байланысты халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңында белгіленген тәртіп бойынша (фитосанитариялық есептілік) және  ҚР «Кәсіпкерлік Кодексінің»  137 бабының 5- тармақшасына сәйкес. Әр-бір шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі пестицидтер (улы химикаттар) қалдықтарын (ыдыстарын, тарасын) залалсыздандыру шарасын қолға алу керек. Залалсыздандыру шаралары арнайы полигонда жүргізіледі, Алматы облысы іле ауданында орналасқан ТОО «Ақши-Агросервис»  Идирисова М.А. тел:87714651484 , улы химикаттар қалдықтарын залалсыздандыру іс-шараларына мұқтят болуларыңызды сұраймыз.

Ғ.Қ.Керімбаев,
ҚР АШМ АӨК МИК Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау жөнідегі мемлекеттік инспекторы