Пенде мақсаты – Адам болу

Діннен тамыр жайған дәстүрімізге берік, иманымызды өзімізге серік ету арқылы ғана біз өзіміздің тарих сахнасынан орын алған тәуелсіз ел екенімізді дүйім жұртқа дәлелдегеніміз болар еді.

Дін мен дәстүріміз бөлек дегендер, бір ел болашағының қамын жегендердің сипатына келмейді. Өйткені олардың түсінігі тар, я болмаса қазақ тарихынан хабарсыз деуге ғана келеді. Дәстүріміздің әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпауының бір себебі, ол дінмен ұштасуында.

Дінге қарап бой түзеп, дәстүрімен сусындап, тарихынан өнеге алған әрбір қазақ, Абай атамыз айтқандай «пенде мақсаты –Адам болу» деген сияқты өз мақсатымызға жетер ма едік, кім біледі?! Қазір кезеңде ұлт пен халық рухани қолдауға мұқтаж. Жастарымызды рухани қолдау бойынша әрекет жасау үшін дініміз бен дәстүріміз егіз ұғым екенін, бір ағында ағып жатқанын және үйретері мен талабының айқындығын жастар түсінерліктей етіп жеткізу жолдарын қарастыру қажет.

Мақсатымыз – ұлттық болмыс, табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу.

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі