Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қайта күрделеніп келеді, соңғы аптада 328 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс жасыл аймақта. Соңғы тәулікте 64 жағдай тіркелді.
Облыста COVID-19 өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда жоғарылап отыр, яғни сырқаттанушылық 64 жағдайдан 425 жағдайға дейін өсті. Соңғы тәулікте Талдықорған қаласында – 30 жағдай, Каратал ауданында – 12, Алакөлде – 10, Кербұлақ және Панфилов аудандарында – 4, Көксу ауданы мен Текеліқаласында 2 жағдайдан тіркеліп отыр.
Сонымен қатар, Жетісу облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 316 539 адам, 2 — ші компонентін 305 115 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 34 920 адам, ІІ-ші дозасын 32 226 адам салдырды. Оның ішінде: І-ші компонентімен жасөспірімдер – 24 671, жүкті әйелдер – 1070, бала емізетін әйелдер – 5267. ІІ-ші компонентімен, жасөспірімдер – 23 298, жүкті әйелдер – 964, бала емізетін әйелдер – 4917.
Ревакцинация курсынан – 130 645 адам, қайта ревакцинациялаудан – 11 399 адам өтті.