Мамандығым табандылығымның талғамы

Бүгінгі кейіпкеріміз Хапсамет Назерке бала дәрігерінен тері аурулар дәрігеріне ауысқан жан. Мамандық таңдау жолына нағашы әпкесі түрткі болған.

Бүгінде терінің ең көп тараған ауруларына безеу, қышыма қотыр және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар жатады. Тері арқылы денеге өткен бактериялар, микробтар адамды неше түрлі індетке әкелетін жол. Осы жолдарды болдырмас үшін не істеуіміз керек? Теріні қалай күтуіміз қажет? Тағы басқа сан -қилы сауалдарға кейіпкерімізден жауап алайық…

— Беттің майлануымен, бет безеулерінің шығу жолына тоқталсаңыз?

— Ең әуелі бет терісімен қолдың дұрыс, таза жуылмауы. Тазалықтың дұрыс сақталмауы. Одан кейін күнделікті тамақтану процессіміз. Ашты, майлы, қуырылған, фас-фуд тамақтарын шамадан тыс қолданудан пайда болады. Бұл тағамнның бәрі ішкі ағзаларға кері әсерлерін тигізіп, содан сыртқы денеге бөлініп шығады және беттегі май бездерінің шығаратын өзегі бітелгендіктен де пайда болады. Беттің айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетте, кеудеде, арқаның жоғары бөлігінде болады. Бетті безеуден тазарту үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек.

—  Тері ауруларының белгілері қандай?

— Тері аурулары денені оқыста соғып алу, тар киімнің не қысуы не қажауы, тырналу, сыдырып алу, кесіп кету, жарақаттану, жаралау жәнет т.б кезінде де пайда болады. Осыдан соң терінің сызаттанып, қанталауы мүмкін. Тері ауруларының мына белгілер арқылы білуге болады:

• теріңіздің түсі өзгерсе;

• түрлі-түрлі дақтар шықса;

• әртүрлі бөртпелер шықса;

• әжім мен ісік пайда болса;

• теріңізде жарықшақ пайда болса;

• безеу, ұшық шықса;

целлюлит (тері астындағы шелмайдың қабынуы) кезінде міндетті түрде дәрігерге көрінген жөн. Ағзада зат алмасудың бұзылуы салдарынан болатын тері аурулары көп.Мәселен, қант диабеті кезінде көмірсу алмасу бұзылады. Ол теріні қышытып, шиқан, безеу тәрізді сырқаттарға әкеледі.

—  Экземаны халық емімен емдеу мүмкін бе?

– Өсімдіктермен көптеген ауруларды емдеуге болады. Ең бастысы, аллергия болмауы керек. Басқа заттарды әр адамға жеке таңдау қажет. Ең дұрысы медицина қызметкерлеріне қаранған жөн.

— Тұзды су теріні құрғатпау үшін және әртүрлі терілік ауруларға ұшырамау үшін күнге қалай күйген дұрыс?

– Күннің өткір сәулелеріне күймеу үшін таңертең сағат 10-11 және кешкі сағат 16:00-ден кейін қыздырынған абзал. Күннің астында екі сағаттан артық жатуға болмайтынын ескерген жөн. Міндетті түрде күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайтын крем қолдану қажет. Тері ауруларының алдын алу үшін ерекше мән беретін жайт – бет күтімі, теріні таза ұстау, жеке бас гигиенасын сақтау. Сонымен қатар, мүмкіндігіңіз бойынша тері жарақаттануының алдын алу, жараны және тері сыдырылған жерді антисептиктермен дұрыс өңдеу қажет.

—  Желкем қатты қишиды және қайызғақ тәрізді ақ қабыршақ пайда болды. Жалпы басымда қайызғақ жоқ. Сусабын түрін, шашқа арналған заттарды ауыстырып көрдім, нәтиже жоқ, керісінше әлгі қабыршақтар ұлғаюда деген сауалнама сөздерді қыздар арасында көп естіп жатамыз. Сіз бұған недейсіз?

– Бұл жағдайда әртүрлі витаминдерге, микробтарға анализдер тапсыру қажет. Қан талдамасын көрмей, бір нәрсе түйім жасау болмайды. Адам ағзасында жеткіліксіз жағдайлар туындап жатса, я болмаса қажетті витамин мөлшерлері жетпеген жағдайда туындауы мүмкін.   Ол сізді көрсеткіштеріңізге байланыс¬ты зеңдерге қатысты жағынды, бактериологиялық зерттеу, RW сияқты тексерілулерге жібереді. Бұл анализдер Дерматология орталығында жүргізіледі.

— Назерке ханым, маман ретінде дәрігерлердің қоғамдағы рөлін айтсаңыз?

— Қанағаттанарлық деп айтуға болады. Өзің сыйлы болсаң, өзгеде сені сыйлар. Дәл осылай қоғамдағы рөлін де артады. Мамандықтың қыры мен сырын жетік меңгеріп, өз мамандығыңа деген құрметің биік болса, әр мамандықтың қоғамдағы рөлі биік болмақ.

—  Отабасыңызға тоқталсаңыз…

-Тұрмыстамын. Дулат елінің келінімін. Үш баламыз бар. Жолдасым Айдын екеуміз осы үш балапанымызды қанаттандырып, жан -жақтылықпен тәрбиелеу үстіндеміз. Балаларымыз шеттерінен өнерлі, білімді. Мектепішілік, ауданаралық сайыстар болып жатса белсенділікпен отбасымызбен бірге қалмай қатысуға тырысамыз. Бірнеше жүлделі орындарымызда бар жарыстардан.

— Бала дәрігерінен дерматологқа айналу қиын емес пе?

-Негізі мен дәрігер болу бала кездегі тәтті арманым болған. Сол арманның арқасында өзімді жетілдіріп, білімімді шыңдауды тоқтатпадым. Өз білімімді дамыта отырдым, әлі даму үстіндемін. Әр жолда қиындық бар. Қиындықсыз нәрсе болмайды. Үнемі жиі тәжірибе алмастырып отырамын.

—  Оқырмандарға айтар кеңесіңіз?

-Халқымыздың ежелден келе жатқан «тазалық — денсаулық кепілі»,- деген мақал бар. Олай болса терінің тазалығы адамның денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күнделікті өмірде барлығымыз бірдей тері тазалығына көңіл бөлуіміз қажет.

— Сұхбатыңызға үлкен рахмет.

Арай Әділ