Жетісу облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қайта күрделеніп келеді, соңғы аптада 97 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс жасыл аймақта. Соңғы тәулікте 29 жағдай тіркелді.

Облыста КВИ-ң өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда күрт жоғарылады, яғни сырқаттанушылық 15 жағдайдан 97 жағдайға дейін өсті. Соңғы аптада жоғары көрсеткіш көрсеткен аудандар:

— Алакөл – 0,03% (5 жағдай),

— Ескелді – 0,004 (5 жағдай)

— Қаратал – 0,02% (7 жағдай),

— Кербұлақ – 0,05 (6 жағдай)

— Панфилов — 0,03% (13 жағдай),

— Талдықорған – 0,04% (57 жағдай).

Сонымен қатар, облыста 12 жастан бастап халықты вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 316 431 адам алды, бұл иммундауға жататын ересек халықтың 82,2% – ы. Екінші компонентті 304 934 адам немесе халықтың 79,6% алды. Сонымен қатар, Comirnaty вакцинасының бірінші компонентін Облыстың 34 882 тұрғыны алды. Оның 1069 – ы жүкті әйелдер, 5263-і лактация кезеңінде әйелдер және 24 661-і жасөспірімдер.

128 519 адам  ревакцинация курсынан өтіп, 10 905 азамат иммунитетті нығайту мақсатында вакцинаның 4 дозасын алды.