COVID-19:  Жетісу және Алматы облыстарында соңғы аптада 175 жағдай тіркелді

Жетісу және Алматы облыстарындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қайта күрделеніп келеді, соңғы аптада 175 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында екі облыс та жасыл аймақта.

Соңғы тәулікте  Жетісуда 6,  ал Алматы облысында 24 жағдай тіркелді.

Алматы облысында КВИ-ң өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда күрт жоғарылады, яғни сырқаттанушылық 30 жағдайдан 119 жағдайға дейін өсті. Жетісу облысында да өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 жағдайдан 56 жағдайға дейін өскен.

КВИ жұқтырудың негізгі орындары:

— қоғамдық тамақтану орындары — 30%,

— қоғамдық көлік — 16%,

— отбасылық іс-шаралар — 39%,

— шет елден демалып келген азаматтар арасынан —  15%.

Ауырғандардың арасында толық екпе курсын алмағандар 22% құраса, мүлдем екпе алмағандар 28%-ды құрап отыр.

Екі өңір бойынша вакцинацилау көрсеткіштеріне көз жүгіртсек.

Бүгінде екі облыстан 1 036 124 адам вакцинаның бірінші дозасын алды, бұл иммундауға жататын ересек халықтың 86,4% — ын құрайды. Екінші компонентті 994 695 азамат алды.

418 450 тұрғын ревакцинация курсынан (3 доза) өтті. Одан бөлек, қайта ревакцинациялаудан (4 доза) 19 656 адам өтті.

СOVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері төмендегі ұсыныстарды қолдануға кеңес береді:

1. Адамдардан қауіпсіз қашықтықта болыңыз (кем дегенде 1 метр), тіпті егер ол адам ауырып тұрмаса да.

2. Қоғамдық орындарда, әсіресе жабық жерлерде және қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін емес жерлерде бетперде киіп жүріңіз.

3. Жабық, нашар желдетілетін жерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Үйде болған кезде терезелерді ашып, таза ауамен желдетіп тұрыңыз.

4. Қол гигиенасын сақтаныңыз, сабынды сумен жиі жуыңыз немесе құрамында алкоголь бар антисептикпен қолданыңыз.

5. Уақытыңыз келгенде вакцинация жасаңыз. Вакцинация бойынша жергілікті нұсқауларды орындаңыз.

6. Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды шынтақ буынымен немесе орамалмен жабыңыз.

7. Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, үйде болыңыз.

8. Егер сізде қызба, жөтел және тыныс алу қиындаса, медициналық көмекке жүгініңіз. Мұны неғұрлым тезірек жасасаңыз, соғұрлым тезірек қажетті дәрігерге барасыз. Осылайша сіз өзіңізді қорғап, вирустар мен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейсіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!