Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп, өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жайылмай отырған індеттің бірі. Бұл індет біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ” Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуда.
Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерімен туындайтын қауіпсіздіктерден, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.
Күнделікті өмірде халық әсіресе парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Осының алдын алу үшін кез келеген ортада пар берумен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Осы бір түсінікті қоғам санасына сіңдіріп, иммунитет қалыптастыру міндет.
Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Мемлекетіміздің әрбір азаматы ҚР Конститутциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конститутциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Ескелді ауданының статистика басқармасы осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанады және жұмыс барысында басшылыққа алады.

Н. Еселбай
Ескелді ауданының
Статистика басқармасының басшысы