Облыс депутаты ҚХР Бас консулымен кездесті

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен инвестиция тарту жолында облыстық мәслихат депутаттары да өз үлестерін қосып келеді. Атап айтсақ, облыстық мәслихат депутаты Римма Салыкова Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, оның бірінші орынбасары Чжуан Хуа және коммерциялық сұрақтар бойынша кеңесшісі Люй Аньцимен кездесті.
Римма Аждарқызы кездесу барысында екі шекаралас аймақтың іскер азаматтарымен, сонымен қатар Бейжің кәсіпкерлерімен екі жақты ынтымақтастықты орнатуды ұсынды.
Халық қалаулысының пікірінше көршілес мемлекет біздің облысқа өздерінің технологиялары мен жабдықтарымен көмектесе отырыс, сол арқылы қайта өңдеуді жолға қоя алады. Сондай-ақ, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша екіжақты ынтымақтастық талқыланып, Бас консулдықтың өкілдері ұсыныстарды қолдап, серіктестікке дайын екендіктерін білдірді. Осыған байланысты алдағы уақытта Талдықорған мен ҚХР-да бірқатар бірлескен кездесулер жоспарланған.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі