КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ

Елімізде аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бағыттарының бірі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тағайындау болды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – бұл ҚР Үкіметі 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына белгілеген көмек.
Әлеуметтік пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда №11426 тіркелген.

Табысы төмен отбасылардың балаларына көмек ретінде енгізілген кепілдендірілген әлеуметтік пакет баланың жасына қарай беріледі.

1 жастан 6 жасқа дейін, оларға ай сайын азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын тұрмыстық химия мен гигиеналық құралдар жиынтығы беріледі;

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оқу жылы басталар алдында мектеп формасы мен керек-жарақтары, оқу кезінде ыстық тамақ қамтамасыз етілетін оқушылар.

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі