Сейсенбі, 28 маусымда, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және IT саласын дамыту мәселелері қаралды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, бизнес процесстердің реинжинирингі мемлекеттік қызметтердің жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, цифрлық мемлекеттік қызмет түрлерінің саны 1300-ден асып кетті.
Бүгін электрондық қызметтер саны бойынша, жалпы оң өзгерістер байқалады. Сонымен қатар EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану 2 есе өсті. Бұдан бөлек, статистикалық мәліметтерге сәйкес цифрлық сервистер азаматтар арасында кең сұранысқа ие.
«Мәселен, цифрлық құжаттар осы жылдың 5 айы ішінде 6 млн-нан астам валидацияланғанын атап өткен жөн. Жалпы бұл мемлекеттік органдар мен мекемелердің цифрлық құжаттарды кеңінен қолдануын растайды», — деді ведомство басшысы.
Бағдат Мусиннің айтуынша, жыл соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен «Террикон алқабы» IT-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.
Kaspi банкінің басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы 7 млн-нан астам қазақстандық Kaspi.kz қосымшасында Мемлекеттік қызметтер бөлімін пайдаланған. Әрбір үшінші автомобиль онлайн тіркеуден өтеді, 2021 жылы 286 мың автокөлік тіркелді. Сондай-ақ М. Ломтадзе банк өнімдері арқылы кәсіпкерлік қауымдастықпен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Өз кезегінде Александр Дорошенко ІТ-Hub-тың Қарағанды облысында IT компаниялар қызметкерлерінің санын қазіргі үш мыңнан он мың адамға дейін бес жыл ішінде ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлары, TechGarden, Astana Hub және облыс әкімдігінің қолдауымен қызмет түрі бойынша топтастырылған IT&DIGITAL жобалар картасын жасау және өнеркәсіптік технологиялар саласында акселератор өткізу туралы айтып берді.
Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет басшысы өткен жылы цифрлық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының екі есе өскенін атап өтті. Жалпы бүгінгі күні электрондық форматтағы қызметтердің деңгейі 93%-ды құрайды. Ал, қызметтердің 66%-ын азаматтар кәдімгі смартфон арқылы алып отыр. 18 құжат түрі цифрлық форматта беріледі, яғни оларды қағаз жүзінде растаудың қажеті жоқ.
«Электрондық қызметтер мен базалардың интеграциясы азаматтардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік органдардың есігін тоздырып, қағазбастылыққа салынып, әуреге түспейді. Бұл жұмысты әрі қарай кеңейту қажет», — деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы елімізде электрондық форматтағы банктік қызмет түрлері жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін банктік қосымшаларда мемлекеттік қызмет сервистері енгізілуде. Оларда ең жоғары деңгейдегі заманауи қорғау тәсілдері, биометрия қолданылады.
Сондай-ақ Премьер-Министр банктер алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне барынша назар аударып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуі қажет екенін атап өтті.
«Жалпы отандық ІТ-саланы дамыту, қазақстандық электрондық өнімдерді әзірлеу бағытында белсенді жұмыс жүргізу және оларды қолдану аясын кеңейту қажет. Біз инновациялық шешімдерге, оның ішінде халыққа электрондық қызмет көрсету саласына қашанда қолдау көрсететін боламыз», — деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар Министрлер кабинетінің басшысы назар аударатын бірқатар мәселелердің бар екенін атап өтті.
Кейбір министрліктерде қызметтерді электрондық форматта алу мүмкін емес. Оның ішінде, АШМ, ғылым және жоғары білім, ИИДМ, ДСМ және Қорғаныс министрліктері бар. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі бойынша қызметтерді автоматтандыру деңгейі төмен.
Осыған орай ҚР ЦДИАӨМ аталған мемлекеттік органдармен бірлесіп, 3 ай мерзімде қолжетімсіз мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруі тиіс.
Бұдан басқа, Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге деректерді үнемі жаңартып тұруды, ақпараттық жүйелердің тоқтаусыз жұмыс істеуін және олардың уақытылы интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Широко обсудить с общественностью, экспертами и журналистами новый Закон о СМИ поручил Алихан Смаилов
На очередном заседании Правительства РК рассмотрены основные подходы развития средств массовой информации, о которых доложил министр информации и общественного развития РК Аскар Умаров.
Так, по его словам, на сегодняшний день в стране зарегистрировано более 5 тысяч СМИ и с каждым годом наблюдается активное увеличение их количества.
Глава МИОР сообщил, что согласно поручению Главы государства, данному в рамках Послания народу Казахстана, ведется работа по совершенствованию отраслевого законодательства в сфере СМИ. В настоящее время создана рабочая группа совместно с журналистским сообществом и ведется комплексная работа по совершенствованию Закона о СМИ.
Также А. Умаров отметил, что ведомством особое внимание уделяется повышению кадрового потенциала отрасли. С этой целью разработан и реализован Специальный план по обучению специалистов медиасферы на 2020-2021 годы. За время реализации спецплана были подписаны меморандумы с вузами по подготовке отраслевых журналистов, запущена мультимедийная образовательно-информационная платформа и др.
Премьер-Министр РК Алихан Смаилов отметил, что СМИ играют важную роль в формировании общественного мнения. Поэтому важно создать условия, чтобы пресса могла построить эффективный диалог между государством и обществом.
В Послании народу Казахстана Глава государства отметил, что СМИ должны быть конкурентоспособными и независимыми.
«В связи с этим разрабатываемый проект Закона о средствах массовой информации должен учитывать интересы государства, запросы общества и тенденции развития медиасферы. Новеллы проекта закона необходимо вынести на широкое обсуждение с участием НПО, общественности, экспертного сообщества и журналистов», — сказал А.Смаилов, поручив внести законопроект в Парламент до конца текущего года.
Кроме того, глава Правительства подчеркнул, что для формирования «слышащего государства» необходимо правильно использовать открытое информационное пространство, учитывать роль социальных сетей и блогосферы.
«Выполняя функцию общественного контроля, журналисты могут повышать эффективность работы всех ветвей власти. Но для этого надо сделать реальный шаг в сторону прессы», — сказал он.
В этой связи Алихан Смаилов поручил центральным и местным исполнительным органам сформировать качественный пул спикеров, которые будут постоянно вести разъяснительную работу о деятельности госорганов.
По мнению главы Правительства, официальные представители и пресс-секретари госорганов должны перейти на новый формат подачи официальных сообщений. Не следует ограничиваться практикой тиражирования «сухих» пресс-релизов, написанных сложным профессиональным языком.
Кроме того, необходимо активно продвигать площадки госорганов в социальных сетях и регулярно отвечать на вопросы населения.
В завершение Алихан Смаилов поздравил работников средств массовой информации с профессиональным праздником, отметив, что совместные усилия позволят сделать работу Правительства более открытой, эффективной, отвечающей требованиям казахстанского народа.